09 Қар 2020
Жаңалықтар

«Күз – мерекем, күз – берекем!» ертеңгілігі

 

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік бере отырып, күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтар, шарлар, жемістер мен көкөністер салынған себеттер.

Жүру барысы: Музыка әуенімен балалар ішке кіреді.

Жүргізуші: Армысыңдар халайық, Бармысыңдар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Бірге қарсы алайық! Құрметті ата-аналар, бөбекжай-бақшасы ұжымы және бүлдіршіндер, ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі Алтын күзіміз де келіп жетті. «Қарлығаш» тобы дайындаған «Күз – мерекем, күз – берекем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші, Сендерді бір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып, теріп болатын Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балалардың жауабы: Күз мезгілі.

Ендеше Күз ханшайымын шақырайық.

Күз ханшайымының сөзі: Ырысқа толы қоймалар, Сабан тойы тойланар. Берекелі күз болам Байлыққа мұртың майланар.

Жүргізуші: Қош келдің, күз ханшайымы. Олай болса біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жыршысы бола білді, Алтын күз ырыс береке ала келді. Балалардың орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Күз туралы тақпақтарын айту үшін ортаға балаларды шақырайық. Асылхан, Кәусар, Ердәулет, Әди, Нұрәли Х, Даниль, Нұрасыл.

Асылхан: Қарашы күз келді, күз келді. Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.

Кәусар: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан –алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

Ердәулет: Ән салыңдар, күліңдер, Жайнап гүлдей жүріңдер. Күздің тойын тойлайық, Би билейік, ойнайық.

Әди: Думан толы асқарлы, Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды.

Нұрәли Х: Күздің қазан айында, Алма,алмұрт піседі. Жапырақтар сарғайып, Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Даниль: Небо загрустило, Солнце умнивает. Жаль ,что осень теплый, Долго не бывает.

Нұрасыл: Сап-сары маңай, Сап-сары тоғай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.

Жүргізуші: Балалардың дайындаған «Алма» ертегісін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Күлімде күн күлімде, Бүлдіршіндер қуансын. Қырдың көкшіл түгіндей Мың бұралып билесін. Балалардың «Күз келді» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз, Шырқап әнге саламыз. Тойымызға сән беріп, Әнде айта аламыз. Балалардың орындауында «Осень в лесу» әнін қабыл алыңыздар.

Күз ханшайымы: Ерінбестен еңбек етіп келетін, Еңбекшіге бар жемісін беретін. Мен - Алтын күз Ынтымақты еліме Берекелі ырыс болып енетін. Ойын ойнап шынықтырып алатын.

Балалар мен сендерге «Бақшадағы жарыс» ойынын ала келдім.

Жүргізуші:Бишілерде өнер көп, Билейді биді мәнерлеп. Көңілді биді көріңіздер, Өнерге баға беріңіздер. Балалардың орындауында: « Көңілді би»

Жүргізуші: Күлімде күн күлімде, жер жасарып көгерсін. Кешегідей бүгінде, бүлдіршіндер ән салсын.

Балалардың орындауында «Осень » әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет, Арта түссін тойланып. Сау болайық бәріміз, Келгенше күз айналып.

«Қарлығаш» тобы дайындаған «Күз – мерекем, күз – берекем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Берекелі, мерекелі алтын күзіміз ырысты болсын. Бөбекжай-бақшасы меңгерушісі Рима Жұмалықызына сөз береміз.