09 Қар 2020
Жаңалықтар

«Көңілді старт»

 (спорттық ойын-сауық)                                           

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау, сергек  болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйде болуын қалыптастыру, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Көңілді старт» атты спорттық ойын сауығымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа «Еркемай» «Қарлығаш», «Балдырған» ,«Балдаурен» топтарының балалары қатысқалы отыр. Қатысушыларды қошеметтеп  ортаға шақырайық.

Балаларды екі топқа бөлу.

 

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.

 

«Шымырлар» тобымен «Күштілер» тобы. Балаларды фишкамен бағалау.

- Енді мен спорттық ойын- сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

Жарыстың шарттары:

  1. Шебер ойыны
  2. Көлік жүргізуші ойыны
  3. Кедергілер сайысы
  4. Кім жылдам ойыны

5.Тез адымда ойыны

Бой сергіту:Флешмоб билеу.

 

 

  1. "Шебер"
    Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

2 .« Көлік жүргізуші». Ойын шарты: Машина макетімен  белгіленген жерге дейін жүгіріп келесі ойыншыға кезекті береді.

3.«Кедергілер сайысы». Ойынның шарты: Шығыршықтың арасымен жылдам өту.

4.«Кім жылдам»

Ойын шарты: Велосипед арқылы белгіленген жердегі кегілге дейін жүргізіп, келесі ойыншыға эстафетаны беру.

5."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

- Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңдер.

Жарқын, шаттық заман болсын

Отбасымыз аман болсын

Сыйластықпен бірлік болып

Әрқашан орта толсын.