Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды!
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенші күн жарық болсын!
Салт-дәстүр
Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрлері болады. Мысалы қазақтың салт- дәстүрлері: шілдехана, тұсау кесу, сүндет той, қырқынан шығару, келін түсіру, бесікке салу т,б.
Бүгінгі көрсетілетін салт-дәстүр бесікке салу.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақөсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру.
Наурыз тойын бастаймыз
Бимен оны қостаймыз
Қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлтжандылық сезімдерін ояту. Ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР АТА: (Алихан )Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
Тәрбиеші: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын: «Қыз қуу» бір қыз қашады оны бес бала қуады кім бірінші барып бетінен сүйеді сол жеңіске жетеді.
Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.
Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!
Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!
Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.
Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік — қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.
Тақырыбы: «Армысың,Әз Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру. Қазақ халқының Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу рәсімдерін көрсете отырып, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын балалардың санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлттық дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
(Топқа сүйінші сұрап хабаршы келеді)
Хабаршы:Сүйінші!Сүйінші!Біздің ауылда тұсау кесу тойы болайын деп жатыр, бәріңізде келіңіздер.
Жүргізуші:Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Тойымызды әнмен бастайық.
Ән: «Алақай Наурыз»
Балалардың тақпақтары:
Ануар: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық,бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Раяна: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Мұстафа: Наурыз келді алақай!
Кел белейік балақай
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Әдемі: Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат-күлкімен қуаныш,
Еліме сыйлар жұбаныш
Мұхаммад: Наурыз тойы-тамаша,
Наурыз тойы-жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Элназ: Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тірлік жаңа оянды!
Жүргізуші: Ортаға бише ер балаларымызды шақырайық.
Би: «Батырлар»би
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр ата! Ақ Әже!
Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
(Топқа Қыдыр ата мен Ақ әже келеді.Ақ әже шашуын шашады.)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Ақ Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен тұсау кесу тойы болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!Ақ әже кішкене қызымыздың тұсауын өзіңізге ұсынғалы отырмыз.Қызымыз өзіңіз сияқты елдің қызы болсын.
Тұсау кесу рәсімі.
(Ақ әже қызымыздың тұсауын кеседі)
Жүргізуші:Рахмет Ақ әже,қолыңыз құтты болсын.Ал Ата мына қызымызға,мына жұртқа бата беріңіз.
Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!
Балалардың тақпақтары:
Айзере: Кең болсын қазағымның керегесі
Кетпесін алла берген берекесі
Алаштың баласына нәсіп болған
Құтты болсын Наурыз мерекесі
Аян: Бүршік жарып ағаштар,
Асық ойнап балалар
Наурызды жүр қарсы алып,
Жасы үлкен аталар
Аягөз: Наурызтойым,Наурызтойым,
Құтты болсын халайық.
Кәне достар,кәне достар
Шырқап әнге салайық.
Нұрислам: Наурызым,армысың!
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым,армысың!
Қызығына тоймаған.
Айнамкөз: Наурыз тойы ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы
Жеті түрлі қасиетті дәмінен
Байтақ елдің бір толады астауы.
Нұрәли: Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан Наурыз.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар,енді балалар қазағымыздың арқан тартыс ойынын ойнайық.
Ойын : «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай,
Бишілер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Би: «Шашу»
Жүргізуші: Жарайсыңдар сұлу қыздар.
Нурыз келді тамаша,
Ән шырқайық таласа!
Ән: «Жақсы көрем»
Жүргізуші: Наурыз күні құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Жақсылығын бір алла бере берсін.
Осымен «Күншуақ»тобының «Армысың, Әз Наурыз!»атты ертеңгілі аяқталды.Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа!Басымызға амандық,денімізге саулық,елімізде тыныштық болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!