09 Қар 2020
Жаңалықтар

Анықтама

2018 жылдың желтоқсан айының 12 күні № 23 «Ынтымақ» балабақшасында Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»  атты ертеңгілік өтті.  Ертеңгіліктің мақсаты : Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ертеңгілікке қонақ ретінде Дамбы ауылдық округінің бас маманы Гүлмайра Тоқсанбайқызы келді. Балалар салтаннатты шеру жасап, шара мемлекеттік әнұранмен басталды.

Ертеңгілік соңында  Дамбы ауылдық округінің бас маманы Гүлмайра Тоқсанбайқызы, балабақша директоры Рима Жұмалықызы өз тілектерін білдірді. Ертеңгілік өте жоғарғы дәрежеде өтті.

  

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»

Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд. Жалаушалар, шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Жүру барысы:

 Жүргізуші: Елім менің тәуелсіз жерім менің

                    Күннен алған шуақты өмір дәмін

                    Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп

                    Көк байрағын төбеге көтерген күн


Құрметті қонақтар ,балалар, әріптестер.Сіздерді еліміздің тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,ашық аспан Отанымызға тыныштық тілейміз. «Балдырған», « Еркемай», «Қарлығаш» ортаңғы топтары бүлдіршіндерінің дайындыған  «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.

«Жаса Қазақстан!» мерекелік сап түзеу.  Шар ,жалаушалармен кіру.


Жүргізуші:Ежелден-ақ жақсылықты алладан күтіп болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халақпыз.Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл көсір көңіл бұйырған.Ол қиырдан бұл қиырға дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жерін ата-баба найзаның ұшымен қорғап ұрпаққа аманат етіп қалдырды.Ол армандары орындалып үміт тілектері жүзеге асты,қазақ елі тіуелсіздігін алды.Туымыз асқақтап желбіреп тұр.Көк тудың көкте мәңгі желбіреуін тілейік.

    Хор: «Көк тудың желбірегені»

Тәуелсіздік мерекесіне орай балалардың жыр шашуын қабыл алыңыздар.

«Еркемай» тобының балаларының тақпақтары.


Жүргізуші:Сарқылмайтын қуатын

                   Тірегімсің Қазақстан

                   Мәңгі соғып тұратын

                   Жүрегімсің Қазақстан

«Еркемай»  тобы балаларының орындауында  «Қазақстаным менің»

Жүргізуші:Дүбірлетіп өңірді

                   Дүбірлесін дүлдүлі

                   Қазақ деген елімнің

                   Құтты болсын бұл күні. 


Би «Шашу» қыздар биі.

Жүргізуші: Мен қазақпын биікпін байтақ елмін

                    Қайта тудым өмірге қайта келдім

                 Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

                 Айта бергім келеді айта бергім.


Тәуелсіздікті жыр етер ұран етер ұрпақтар аман болсын.

«Қарлығаш» тобы балаларының жыр шашуы.

Жүргізуші: Сарқылмайтын қуатым тірегімсің Қазақстан

Мәңгі соғып тұратын жүрегімсің Қазақстан


Хор «Тәуелсіз ел ұраны» Қарлығаш тобы.

Жүргізуші:Отанымыз- Қазақстан,Астанамыз- Астана.Ал бабалар тағы да Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

«Балдырған» тобы балалары жыр шашуы.


Жүргізуші:Толтырған гүлге даланы

                   Жайнатқан ауыл қаланы

                   Ардақты атамекенім

                   Төрінде мекен етемін

Би: Ұлдар биі:


Жүргізуші:Рәміздерім елдігімнің белгісі

                   Білу керек бала дағы ел іші

                   Рәміздерім ел таңба, ту,гимінді

                   Әрбір бала жатқа біоген жөн осы


Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздері,әнұраны,туы, елтаңбасы бар.Ел басы да тағайындалды. Ел басы ,рәміздер туралы түсінік.

Көркем сөз: «Елбасымыз Нұрсұлтан!» оқитын Жасмин Орынбекқызы.


Жүргізуші: Елдің тыныш тірлігі

                    Бүгінде ел ішінде

                    Тілімізбен дініміз

                    Қайта келді еліме


Хор «Қазақстан бақыты» орындайтын «Балдырған»  тобы бүлдіршіндері.

Жүргізуші:Отан -атам

                  Отан-әкем

                  Осы сөзім дәлеле екен

                  Олай болса Отанымды

                  Дейміз біздер Атамекен.


Хор «Атамекен»

Жүргізуші:Ата бабам жанын қиып қорғаған

                   Тәңірі қолдап бақ береке орнаған

                   Қазақстан азат елсін сен бүгін

                   Барша елің тәуелсіздікті тойлаған.

 

Тәуелсіздіктің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын.Осымен 16  желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тірегім Қазақстан жүрегім атты» ертеңгілік өз мәресіне жетті.