09 Қар 2020
Жаңалықтар

«Жаса ,Наурыз ,Дәстүрлі»

Тақырыбы: «Жаса ,Наурыз ,Дәстүрлі»
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүру барысы: 
(Залда көрпе төселіп қария мен кемпірі отырады.)
Бала жүгіріп келіп сүйінші сұрайды.

Бала:Сүйінші,сүйінші!Сарыбай атаның шаңырағында үлкен той.Өмірге сәби келді.Сәбиге ат қойғалы жатыр,сол тойға бәріңізді шақырамыз.

Залға ақ сақал мен ақ жаулықты кемпір екі жүргізушімен балаларды ертіп келеді.
Төрде отырған қария мен кемпірмен құшақтасып көрісіп амандасады.
Қария келген қонақтарды қарсы алып төрге шығарып  отырғызады.

Қария :Біз осы ауылда  дүниеге келген сәбиге ат қою тойы болады деп келіп қалдық,бұл тойға біз құр қол
келмедік.Тойға әкелген шашуымыз бар.Қане қыздарым,немерелерім өнерлеріңді ортаға салыңдар.

1-ші Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.Сол Наурыз мерексімен қатар осы Сарыбай қарттың немересі дүниеге келіп,сәбиге ат қою тойы болып жатыр.Сол тойды ағайын бірге тойлайық.
2-ші Жүргізуші: Ал халайық,тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық.
Ән: «Наурыз көкөтем»
1-ші жүргізуші:Наурыз мерекесіне арнаған балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

Балалардың тақпақатары:
Гүлсезім: Наурыз тойы тамаша,
Қарсы алайық жаңаша.
Шат-күлкімен қуаныш,
Еліме сыйлар жұбаныш        
Бүршік жарып ағаштар,
Асық ойнап балалар
Наурызды жүр қарсы алып,
Жасы үлкен аталар
Мәди:   Кең болсын қазағымның керегесі
Кетпесін алла берген берекесі
Алаштың баласына нәсіп болған  
Құтты болсын Наурыз мерекесі
Жанерке: Қазағым наурызың құтты болсын,
Көтерген шаңырағың биік болсын.   
Тілектері ұлтымның қабыл болып
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын.   
Бекжан:   Наурыз тойы ақ батаның бастауы,
Береке мен бірліктің жалғасуы          
Жеті түрлі қасиетті дәмінен
Байтақ елдің бір толады астауы.
Айзере:  Наурыз келді алақай!
Кел белейік балақай
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.

2-ші жүргізуші:Қане балалар келіңдер,
Бір би билеп беріңдер.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Мың бұралып билеңдер.
Би: «Шашу»
1-ші жүргізуші: Уа халайық енді Сарыбай атамыздың немересіне ат қою рәсіміне кезек берейік.
Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар.Оның бірі бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі той жасап ауылдың үлгілі ақсақалына немесе молдаға ат қойғызады екен.Ендеше осы салтты сіздермен бірге өткізейік.
Балалаға ат қою рәсімі жасалады.
(Алдар көсе келеді)

Алдаркөсе:Ассалаумағалейкум ағайын!
Жүргізуші:Қайдан келесің Алдар?
Алдаркөсе:Мен жәй қыдырып жүргенім жоқ.Осы ауылда той болып жатыр дегесін ат басын бұрдым.Бұнда көптеген балалар да бар екен.Ендеше сол балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап,тойда одан әрі қыздыра түссек қайтеді.
(Ұлттық ойындар ойналады.)

1-ші жүргізуші:Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі ол айтыс.Наурыз тойында айтыстар да болып отырған. Бұл тойға да кішкене айтыскерлерімізде келіп қалған екен.

Қыз бен жігіт айтысы. Назсезім мен Нүркен.
2-ші жүргізуші: ой жарайсыңдар енді балалрымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балалардың тақпақтары:
Нұрали: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Санжар Е:Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан Наурыз.
Нұртөре:Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық,бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Нұртілек:Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тірлік жаңа оянды!
Темірлан:Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған Наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Махаббат:Наурызтойым,Наурызтойым,
Құтты болсын халайық.
Кәне достар,кәне достар
Шырқап әнге салайық.
Сабина:  Наурыз тойы-тамаша,
Наурыз тойы-жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
1-ші жүргізуші:Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уықтарша иіліп,
Киіз үйді біз құрайық.
Би. «Шаңырақ»
Ақ әже мен Қыдыр ата келеді.
Ақ әже Наурызкөжесін таратады.Ақ әженің немересінің әні.
2-ші жүргізуші: Мың бұралған бишілерді ортаға шақырайық.,
Би: «Наурыз»

Қыдыр ата бата береді.
2-ші жүргізуші:   Оу, халайық,халайық,
                                Әсем  әнге  салайық.
                                Наурыз   тойын   көңілді,
                                Бірге   қарсы  алайық.
Ән: «Құтты болсын,Әз наурыз!»
Жүргізуші:   Наурыз күні құтты болсын! 
Дендеріміз сау, мықты болсын! 
Наурыз тойы келе берсін! 
Жақсылығын бір алла бере берсін.   
Осымен   ересек топтардың «Жаса,Наурыз,Дәстүрлі»атты ертеңгілі аяқталды.Ескі жыл есірке,жаңа жыл жарылқа!Басымызға амандық,денімізге саулық,елімізде тыныштық болсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

№23 «Ынтымақ»балабақшасы