09 Қар 2020
Жаңалықтар

8 наурыз ертенг Алтын сака

 Бекітемін______________Ищанова А М
Тақырыбы: «Аяулы анашым»

Мақсаты:Балаларға 8-Наурыз халықаралық аналар мейрамы екенін ұғындыра отырып,аналарын ешқащан ренжітпеуге,қолғанат болуға,әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
(Балалар әуенмен әдемі бейнені келтіріп залға кіреді)

Наиля: Армысың мейрімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы  мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.

Нұрхан: Армысың ақжаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім.
Ардақты аналардың мейрамында
Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.  

Жүргізуші:Құрметті ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,гүл-гүл жайнаған қыздар сіздерді көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келіп қалған 8наурыз аналар мерекесімен құттықтаймыз.Бүгінгі Ересек «Алтын сақа»тобының «Аяулы анашым»атты ертеңгілігіне қош келлдіңіздер.
Дөңгеленіп тұрайық.
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Әнмен тойды ашайық.        

Ән: «Ақ дидарлы анашым»
Балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпақтары:
Гүлсезім: Ана деген асыл жан,
Зерек туған ғасырдан.
Туады ақын,ғалым да
Ана деген асылдан.
Құтты болсын  мейрамың
Тілеймін саған ғасырды
Сыйлар едім өзіңе,
Әлемдегі асылды.         

Адина:  Сегодня праздник Женский,
Сегодня праздник мам!
Быть милыми, красивыми,
Мы желаем Вас!

Қарақат: Анашым   асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған,әлпештеген  біздерді       
Ардақты анашым сен едің.         

Назсезім:  Снова к нам весна пришла,
Снова праздник принесла
Поздравлям с днем весенним
И хорошим настроеньем
(Ішке Үндінің ханы нөкерлерімен келеді)   

Ерке қыз:  Туу не істесем екен?Бақытымды қайдан тапсам екен?
Хан:-Сен қайдан келе жатырсың?      Қайдан келесің?
Ерке қыз:Бақытымды қайдан іздесем  екен?
Хан:Бақыт.Бақыт деген мына байлық емеспе,алтын қазына, зәулім сарай , алтын ,күміс, тәтті тағам.
Ерке қыз:-Жоқ.
Ондай бақыт емес менің іздеп жүргенім басқа , менің іздеп  жүргенім басқа бақыт.
Хан:Және сенің қолы астыңдағы адамдарың, сенің айтқаныңды екі етпей ,айтқаныңды істеп жүргені емеспе,нағыз бақыт осы.Одан асқан  қандай бақыт керек.Осы байлықтың арқасында шалқып тасып жүрген жөнім бар,сенбесең қарашы өзің.Ейй бишілерім қане билеп беріңдер.
Үнді биі
Хан:Көрдіңбе бақыт деген осы.
Ерке қыз:Бишілеріңіз қандай керемет. Бірақ менің іздеген бақытым басқа.(мұңайып шығып кетеді)
Жүргізуші:Балалар Ерке қыз бақытын тауып алғанша біз әрі қарай мерекемізді тойлай берейік.
Ару ана өмірдің асылдры,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен би,өлең мен күй,
Сіздер үшін мереке шашулары.

Балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтары.

Дана:  Ана сен бақыттысың
Гүлің болып өсіп келем,
Жайнап жүрші,күліп жүрші,
Алладан мен тілеп жүрем.   
Медина:  Маму  поздравляю,
С праздником весны
Громко прочитаю,
Я свои стихи  
Димаш: Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы  көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өңірдің.  
Айзере У:  Всех девочем и мам
Поздравить мы хотим,
И в день 8 марта
От всех вас защитим  

Ән: «Мамочка мая»
Жүргізуші: Қане балалар келіңдер,
Бір би билеп беріңдер.
Аналардың  тойында,
Мың бұралып билеңдер.

 Би:  Вальс
Балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Балалардың тақпақтары:
Жанерке: Анам менің ақылды,
Анам менің мейірбан.
Ана сен маған қымбатсың,
Өмірдегі жан анам.
Бақыттымын мен балаң,
Күліп жүрші  жан анам.
Саған бақыт тілеймін,
Мейірбаным жан анам.        
Элназ:   Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.    

Ясмина: Наша милая бабуля,
Ненаглядная мамуля
Мы, так сильно любим вас,
Паздравляем вас сейчас

Ерасыл:  Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар.
Аналарды мейраммен,
Құттықтайды балалар.

(Залға  көбелек келеді.)
Көбелек:Мына гүлдердің әдемісін ай, иісі қандай , көктем қандай тамаша.
Балалар айтыңдаршы бүгін аналардың мерекесі ғо солайма?
Ендеше аналарымызға мына гүлді, әлде мына гүлдерді сыйласамба екен .Ойым дұрыс па балалар.
Тәрбиеші: Көктемде келіп, бізге әдемі көбелекте келіп қалыпты:
Сәләматсыңба  Көбелек сен өзің гүл сияқты әдемісіңғой,гүлден гүлдге қонып әдемі сұлулығыңмен біздің табиғатқа әсемдік бересің.
 Көбелек :Мен бір өзім жеке ғана келмей өзімнің мен өсіп келе жатырған кішкентай сіңлілерімді ала келдім. Қане  олардың биін тамашалаңдар.
Көбелектер биі
(Кішкене көбелектер кетіп қалады)
Ерке қыз:Ой мынау қандай әдемі көбелектер?Қанаттарыңды берші.Ой көбелек сен қандай әдемісің?Қарашы қанатың қандай әдемі.Мен сен сияқты болғым келеді.

Көбелек :Ой Ерке қыз өзіңде тұнып тұрған сұлулық қой.
Ерке қыз:Жоқ мен сен сияқты болғым келеді. Мен бақытымды іздеп жүрмін көбелек.
Сен маған бақытымды табуға көмектесесізбе?

Көбелек:Сен шатасып тұрған боларсың.,бақыттың өзіңнің үйіңде емеспе.
Ерке қыз:Үйімде....
Көбелек:Сен бақытты даладан іздеп жүрген сияқтысың. Жоқ бақыт деген үйіңдегі анашың,міне осы бақыт деген.
Ерке қыз:Менің бақытым сонда анашымба.(анасына жүгіріп барады) Міне  менің бақытым(деп қуанады)
Көбелек саған көп рахмет, маған бақытымды тауып бергеніңе.
Көбелек:Балалар сендердің бақыттарың мына аналарың,олай болса осы бақытты жүздеріңмен аналарыңмен ойын ойнайықшы.
Ойын: «Анасы мен баласы»
Ән:  «Анашым қартаймашы»
Орындайтын: Айзере мен Наиля
(Балалар аналарына гүл сыйлайды)

Жүргізуші:Ұзақ өмір жасай берсін аналар,
Аналарын қадірлесін балалар.
Шаңыраққа шаттық нұрын сыйлаған,
Аман болсын ақ жаулықты аналар.
Осымен «Алтын сақа»тобының «Айналайын анашым»атты ертеңгілігі аяқталды.Ардақты аналар мерекелеріңіз тағы да құтты болсын.Көктем гүліндей жайнай беріңіздер.